Меню KDT

kz ru en виртуалды қабылдау Диктор экрана

Маңғыстау облысы

Күншуақ балабақшасы

deco
Жаңалықтар
 
« Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық және коммуникативтік дағдыларын интеграциялау» тақырыбындағы қалалық әдістемелік семинар

2023 жылдың 5 мамырында « №17 «Күншуақ» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК базасында қауымдастық жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне әдістемелік көмек беру және тәжірибе алмасу мақсатында « Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық және коммуникативтік дағдыларын интеграциялау» тақырыбындағы қалалық әдістемелік семинар болып өтті.
Семинарға мемлекеттік және жеменшік мектепке дейінгі ұйымдардан 35 педагог қатысты.
Семинар мақсаты: Мектепке жасына дейінгі балалардың шығармашылық және коммуникативтік дағдыларды интеграциялау әдіс-тәсілдерімен мектепке дейінгі ұйым педагогтарымен бөлісу.
Семинар бағдарламасы:
- « №17 «Күншуақ» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК тәрбиешісі «Веселые цыплята» тақырыбында кіші топта ұйымдастырылған кешенді іс-әрекет өткізді
- « №17 «Күншуақ» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК тәрбиешілері Жубантаева Ж.К., Саламатова А.Т. мектепалды даярлық тобында балаларға арналған «Шебер қолдар» тақырыбында шебер-сынып көрсетті.
- « №17 «Күншуақ» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК тәрбиешісі Волкова Л.Ю. «В поисках Радуги» тақырыбында мектепалды даярлық тобында ұйымдастырылған әуенді мюзикл көрсетті.
- № 26 «Қарлығаш» бөбекжай логопеді Орынғалиева А.М. «Біз жақсы сөйлейміз» тақырыбында ересек тобында ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті.
- №46 «Балбұлақ» бөбекжайы бейнелеу өнер мұғалімі Сельченкова Е.И. «Путешествие вокруг света» тақырыбында педагогтармен шебер сынып өткізді.
- №34 «Болашақ» бөбекжай психологы Изжанова Н.М. «Арт-терапия техникасының маңызы» тақырыбындағы педагогтарға арналған шебер сынып өткізді.
Семинардың қорытындылау кезеңінде семинар қонақтары балабақша ұжымына өз алғыстарын айтты. Семинардың өте жақсы деңгейде ұйымдастырылғанын айтып өтті.

 
Фвтор: orazali.haldybek
Қосылды: 19.08.2024 в 13:37
Көріністер: 12
Артқа