Меню KDT

kz ru en виртуалды қабылдау Диктор экрана

Маңғыстау облысы

Күншуақ балабақшасы

deco
Жаңалықтар
 
Қайырлы күн, құрметті ата-аналар!

Ата-аналардың қажеттіліктерін ескере отырып, отбасы және тәрбиеленушіні әлеуметтік-педагогикалық қолдау мақсатында бөбекжайымызда жұмыс жасайтын консультативтік пунктке келіңіздер!
Консультативтік пункттердің негізгі мақсаты: отбасы мен қоғамдық тәрбие мен білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету, ата-аналарға (заңды өкілдерге) және үйде тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балаларға білікті педагогикалық көмек көрсету, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қолдау көрсету.
Құрметті ата-аналар бөбекжайдағы ашық есік күні, сіздер өзіңізге немесе балаңыздың біліміне қатысты қандайда бір мазалап жүрген сұрақтарыңыз бойынша бөбөкжай мамандарынан жеке кеңестер ала аласыздар. Атап айтар болсақ бөбекжайдың әдіскері, логопед маманы, мейірбике, психолог маманы және тәжірибелі тәрбиешіден кеңестер алуға мүмкіндіктеріңіз бар. Біздің мамандар сіздердің кез-келген сұрақтарыңыз бойынша кеңес беріп, көмек қолын созуға дайын.
БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ, КЕЛІҢІЗДЕР!
Қабылдау уақыты : 9.00-11.00, 15.30-17.30

 
Фвтор: orazali.haldybek
Қосылды: 19.08.2024 в 13:36
Көріністер: 11
Артқа